Жапонияның экологиялық технологиялары мен сутегі энергетикасы» атты лекциясына шақырады
Caravan of Knowledge сіздерді «Тек қана аниме емес: Жапонияның экологиялық технологиялары мен сутегі энергетикасы» атты лекциясына шақырады!
Лекция маусымның 18-де, сағат 19.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) онлайн Zoom платформасында қазақ тілінде өтеді. Қатысу тегін.

Тікелей эфирді — https://caravanofknowledge.com/science-talk сілтемесі бойынша көре аласыз.
1960 жылдары Жапонияда «когай мондай», яғни "ластану мәселелері" пайда болған. Сондай қателіктерді қайталамас үшін жапондар жаңа «қоршаған ортаға мейірімді» технологиясын меңгере бастады. Соның бірі — сутегі технологиялары. Сутегімен жүретін автокөлікті пайдаланып, үйді сутегімен жылытып, әрі оны электр көзі ретінде қолданып жатыр. Біздің лекторымыз аталған тақырыпты тереңінен ашып, Қазақстанның осы саладағы болашағы туралы сөз сөйлеп, өз пайымдауымен бөлісетін болады.

Жолдаяқова Сәуле - инженерия докторы, инженер-эколог, экологиялық тәрбие бойынша инструктор, Жапонияда 11 жыл бойы оқып, Токай университетінде сутегі энергетикасы және сутегіні сақтау саласында диссертация қорғаған ғалым.
Іс-шараға тіркелу
You have received this message because you have a subscription for Canny store news. You can unsubscribe from this letter anytime here