Құрметті NXplorers мұғалімдері!
Сіздерді Педагогикалық шеберлік байқауға қатысуға және Шелл компаниясынан тренерлік оқытуға қатысу мүмкіндігін жеңіп алуға шақырамыз! Байқауға қатысу үшін NXplorers әдіснамасын қолдана отырып, төменде көрсетілген материалдарды әзірлеу қажет:
NXplorers құралдарын қолданатын сабақ жоспарлары
- әдіснаманы оқыту бойынша факультативтік сабақ жоспары
- көрнекі-ынталандыру материалы немесе басқа оқу құралы
- оқушыларға арналған тапсырмалар, жаттығулар және т. б.
Қатысу шарттары:
Байқауға NXplorers әдіснамасын тек тренер сертификатымен бітірген кез келген мемлекеттік мектептің мұғалімі қатыса алады.Финалистердің жұмыстары байқау жұмыстар жинағында жарияланады
Байқауға қатысу үшін тіркелу сілтемесін толтыру қажет