«Дарын» РҒПО, Шелл Қазақстан және «Caravan of Knowledge» бірлесіп «NXplorers: Жасыл Ұрпақ Бәйгесі» республикалық жобасының іске қосылатынын хабарлайды. «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» - бұл сыни, талдамалық және креативті ойлау құралдары арқылы экологиялық мәселелерді шешуге арналған NXplorers халықаралық әдіснамасы бойынша жоба. Әдіснама әлемнің 18 елінде қолданылады.
2024 жылғы 5 наурызда сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін республикалық онлайн-конференция өтеді, онда байқауға қатысудың барлық шарттары түсіндірілетін болады. Конференцияда NXplorers халықаралық әдіснамасы туралы толықтай ақпарат беріледі.
Конференциядан тағы не күтуге болады? - «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» жобасының тарихы, тәжірибесі және нәтижелері
- Жоба жаттықтырушысы болу мүмкіндіктері
- Экология бойынша мастер-класс
- Республикалық байқауға қатысу шарттары және өз мектебінде экологиялық жобаларды іске асыруға гранттар алу мүмкіндіктері
Республикалық онлайн-конференцияға қатысу тегін. Конференция мұғалімдерге, мектеп директорларына, 8-10 сынып оқушыларына және ғылым сүйер қауымға пайдалы болады. Конференция күні: 5 наурыз 15:00 (Астана уақыты)
Тіркелу сілтеме бойынша: