ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА ҚАЛАЙ ҚУАТ БЕРЕ АЛАМЫЗ?
Ол үшін PRO.NRG FEST отбасылық ғылыми фестиваліне келіңіздер. Бұл ғылым, өнер мен технология мерекесі.

Фестивальде сіздерді не күтеді:
  • Ғылым туралы қызықты дәрістер
  • Ғылыми шоу және квест
  • Өз қолыңмен тәжірибе жүргізу
  • Қазақстандық ғылым және білім жұлдыздарымен кездесу

ФЕСТИВАЛЬ КІМДЕРГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ?

✓ Оқушылар
✓ Ата-аналар
✓ Мұғалімдер
✓ Мектеп менеджменті
✓ Білім беретін компаниялар
✓ Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік орган өкілдері
✓ Ғылымды сүйетіндер

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ АЛДЫН АЛА ТІРКЕЛІП, ТЕГІН КІРЕ АЛАСЫЗДАР:
Тіркелу
Балалар өздеріне арналған интерактивті аймақта нағыз тәжірибе жасаушыларға айнала алады. Геймификация форматында робототехника, инженерия және ғылыми шығармашылықпен айналысады. Ал ең белсенді қатысушылар «джоулиға» ие болып, оларды ақылды сыйлықтарға айырбастай алады.

Жасөспірімдер үшін дәрістер мен шеберлік-сабақтарын таңдадық, мұнда олар болашақтың мамандықтары туралы көбірек біле алады. Сондай-ақ олар IT-ден киноиндустрияға дейін түрлі саланың нағыз майталмандарымен кездеседі.

Ата-аналар үшін сараптау дәрістері дайындалып, мамандардан ең өзекті сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі берілді. Балаңыздың даму бағытын қалай құрған дұрыс? Қазір білім беру саласындағы трендтер қандай? Баланы қызығушылықтарын ескере отырып қайда бағыттаған абзал?

Мұғалімдер үшін сабақтарында шығармашыл және зерттеу кеңістігін тудыра алатын жаңашыл педагогтермен кездесу өткізіледі. Олар білім алу барысы қызықты әрі тиімді бола түсуі үшін оқытудың ең озық технологияларын қолданады.
Фестиваль туралы толығырақ
Мекен-жайы: Оқушылар сарайы, Момышұлы даңғылы 5. Астана қаласы

Ғылыми, интерактивті, көңілді!
PRO.NRG FEST балаларды жаңа ашылулар мен армандарға шабыттандыру үшін Шеврон компаниясының қолдауымен өткізіледі.

Бүкіл отбасыңызбен келіңіз!
Сіз бұл хатты өткен жылғы PRО.NRG FEST фестиваліне тіркелгендіктен алдыңыз.
Отписаться от рассылки