| Проза жазуды ұнататын болсаңыз, шеберханамызға қош келдіңіз! | | | Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебі Қазақстанда тұратын 15-21 жас аралығындағы авторлар үшін жазушылық шеберлікке үйрететін тегін онлайн курс ұсынады. Курсымызда тек 15 қана орын бар! Байқауға қатысу үшін сәуірдің 1-іне дейін litshkola@gmail.com поштасына қазақ тілінде жазылған бір әңгіменізді жіберіңіз. Көлемі Microsoft Word файлындағы 3 беттен аспауы керек. Сонымен қатар бұл файлда үміткердің өтінімі және «Неліктен Жастар әдебиеті шеберханасында оқығым келеді?» атты эссе (көлемі жарты бет) болуы керек. Хат тақырыбы – «Шеберхана». Өтінімде үміткердің аты-жөні, жасы, тұратын мекені, мекенжайы, оқу орны (сыныбы, курсы, мамандығы), ұялы телефоны, e-mail көрсетілуі тиіс. | | | | Сабақтар 2022 жылғы сәуір-маусым айларында айына екі рет (жексенбі күндері), Zoom бағдарламасында екі сағат бойы қазақ тілінде өткізіледі.
Шеберханада жазылған үздік шығармалар курстың соңында жарияланатын жинаққа енеді. Әр авторға кітап даналары, сондай-ақ, сертификат беріледі (Алматыдан тыс тұратындарға пошта арқылы жіберіледі).Each type of visual aid has pros and cons that must be evaluated to ensure it will be beneficial to the overall presentation.
| | | | Жастар Әдебиеті Шеберханалары – Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінің «Шеврон» компаниясы, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы, American Space Almaty әлеуметтік алаңымен бірлескен жобасы. | | | | | | Вы получили это письмо, потому что подписались на анонсы мероприятий Caravan of Knowledge. | | | | | |